Шымкент әуежайы RA3 сертификатын алды

Шымкент халықаралық әуежайы сәтті түрде сертификаттау рәсімінен өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды. Бұл сертификат әуежайдың жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін растайды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайға KZ/RA3/00004-01 деген бірегей тіркеу нөмірі беріліп, ресми түрде Еуропаның RA3 деректер базасына енгізілді. Осы мәртебе әуежайға Еуропа елдеріне тікелей жүк тасымалдауды транзиттік бекеттерде қосымша тексерусіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл жүк жеткізу уақытын жеделдетіп, логистикалық тізбектерді жеңілдетуге, серіктестердің уақыттық және қаржылық шығындарын азайтуға, сондай-ақ қаланың халықаралық әуе тасымалдаушылар мен логистикалық компаниялар үшін тартымдылығын арттыруға жол ашады.

Шымкент үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңызы зор. Жаңа мәртебе әуежайдың Орталық Азиядағы ірі жүк хабтарының бірі ретіндегі орнын нығайтып, шетелдік әуе компанияларымен ынтымақтастық аясын кеңейтеді және Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады.

RA3 сертификатын алу – Қазақстанның халықаралық көлік және сауда дәліздеріне ықпалдасу жолындағы маңызды қадам саналады. Сонымен қатар ол өңірдің инвестициялық және іскерлік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Бұдан бөлек, Шымкент әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынады. Жоба – әуежайды халықаралық деңгейдегі заманауи мультимодальды хабқа айналдыру бағдарламасының маңызды бөлігі.

Жаңа жолақтың ұзындығы – 3500 метр, ені – 60 метр болады. ПСН-80 санатындағы төсемнің беріктігі жоғары жүк көтерімді әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді.

Халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікке ерекше назар аударылған. Жолақ шектеулі немесе мүлде көрінбейтін жағдайда да әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік беретін жүйелермен жабдықталады. Бұл әуе қатынасының тұрақтылығы мен сенімділігін айтарлықтай арттырады.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...