Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды күшейтуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды күшейтуде

Қазақстан үкіметі ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес инвестициялық ахуалды және инвестицияларды қолдау құралдарын жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Осылайша, Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің рөлі күшейтілді. Бұдан былай инвесторлар барлық қажетті рәсімді жеделдетілген және жеңілдетілген режимде өте алады. Республикалық инвестициялық штабтан бөлек өңірлік инвестициялық штабтар құрылды. Осы және инвестициялық ахуалды жақсартудың басқа да шаралары туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов айтып берді.

Спикердің хабарлауынша, құны 54 млн АҚШ долларынан асатын экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін ҚР заңнамасының 25 жылға дейінгі тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі берілген. Бұл құрал мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларын құрылымдауға икемді және жеке тәсілді қамтамасыз етеді.

«Инвестициялық циклды толық сүйемелдеу мақсатында инвесторларды іздеуден бастап жобаларды аяқтауға дейін «инвестордың жолын» регламенттеу бойынша жұмыс жүргізілді. Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада инвестордың жолы бақыланады. Сондай-ақ бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске қысымды азайту тетігі енгізілді. Мұндай шара рұқсат алу рәсімдерін жеңілдету және инвесторларға бақылау жүктемесін азайту үшін қабылданды. Енді «прокурорлық сүзгі» жұмысы аясында инвесторларға қатысты шектеу сипатындағы барлық шешім прокуратурамен келісілуі тиіс», – деп атап өтті ұлттық экономика вице-министрі.

Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі де жұмыс істейді. Оның артықшылығы — инвестор барлық қажетті процедураны небәрі 5 күнде жедел және жеңілдетілген тәртіпте өтеді. Сонымен қатар ведомство Шетелдік инвесторлар кеңесі мен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің алаңдарында инвесторлармен белсенді диалог жүргізеді, онда инвесторлар өздерін қызықтыратын барлық мәселені көтере алады.

Xnews: Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында «Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді» – деп атап өтілді. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Мысалы Шымкент қаласында инвестиция тарту көлемі жыл сайын артып келеді. Тек биылдың қаңтар–сәуір айларының өзінде қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54 пайызға жоғары көрсеткіш болды. Ел Үкіметінің жоспарына сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін Шымкентке 1 триллион 54 млрд теңге инвестиция тарту көзделген.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...