Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент Смитсон институтының басшылығымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін АҚШ-та белсенді түрде дәріптеп жүргені үшін алғыс айтты.

Орталық жанынан құрылған Қазақстанның мәдени мұра қоры ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді насихаттаумен, сондай-ақ қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрі және рухани өмірін зерттеуге арналған бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастырумен айналысады.

Мемлекет басшысы мәдени дипломатия Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

Смитсон институты – әлемнің ең ірі мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу кешендерінің бірі. Оның құрамына 21 музей мен галерея, 14 ғылыми және білім беру орталығы, кітапханалар мен ұлттық зообақтар кіреді.

x

Check Also

Сахна сыртындағы ерен еңбектің иелері

Сахна шымылдығы түрілген сәтте көрерменнің назары тек ондағы актерлер мен ұсынған көрініске ғана ауады. Бірақ, сол әсерлі көріністің артында көзге ...

Домбыра үніне билейтін ортеке

Елімізде биыл 7 шілдеде алғаш рет Қолөнершілер күні аталып өтті. Кәсіби мерекелер күнтізбесіне былтыр енгізілген бұл күн – ұлттық қолөнердің ...