Ordabasy: Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің Ордабасыға жұмыс сапары — Xnews — ақпарат агенттігі

Ordabasy: Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің Ордабасыға жұмыс сапары

Ауданға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы іссапармен келді.

Сапар барысында ауданның тыныс-тіршілігі не серпін беретін бірнеше кезекті жаңа жобалар іске қосылды.

Облыс әкімі алдымен Қарақұм ауылындағы жаңа зауытта болып, суармалы егіншілікке қажетті бетон лоток шығаратын өндірістің жұмысын көрді. Мұнда тұрғындарға тұрақты жұмыс беріліп отыр. Шаруалар үшін өнім бағасы да қолжетімді болмақ.

Одан кейін Темірлан ауылында көптен күткен мәдени-спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті. Бұл кешен балуан бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімімен аталып, мұнда спортпен айналысуға да, мәдени шаралар өткізуге де жағдай жасалды.

Әрі қарай Шұбарсу ауылындағы жылыжай кешеніне барды. Онда жергілікті тұрғындар қияр мен қызанақ өсіріп, өнімді Шымкенттің ірі базарларына жеткізуді бастап кеткен.

Сапардың тағы бір маңызды сәті – Ықыластемір ауылындағы кірпіш зауытының іске қосылуы болды. Жаңа технологиямен жабдықталған зауыт 100-ден астам тұрғынға жұмыс беріп, құрылыс саласына серпін қоспақ.

Сапар соңында облыс әкімі аудан активімен кездесіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа міндеттерін белгіледі. Ол Ордабасыны облыстың экономикалық драйверіне айналдыру үшін ауыл шаруашылығы, туризм және өндірісті дамытуға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...