Ордабасы: Ауызсу жүйесі мен инфрақұрылымдық жобалардың барысы тексерілді

Аудан әкімі Азат Оралбаев Бөржар ауыл округі мен Қараспан ауыл округіне қарасты елді мекендерде жүргізіліп жатқан ауызсу жүйесінің құрылыс жұмыстарын аралады.

Сапар барысында аудан әкімі Қайнар, Ұялыжар, Ықыластемір, Теспе, Жамбыл және Бірлік елді мекендеріндегі ауызсу жүйелерінің жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер сала орынбасары мен мекеме басшысына құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Жұмыстар мерзімінде аяқталып, ел игілігіне беру жөнінде нақты тапсырма берді.

Сонымен қатар, Қараспан ауыл округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ елді мекендерінде қолға алынған ауызсу құрылысы мен Сарыарық елді мекеніндегі табиғи газбен қамту нысандарының барысы тексерілді. Айта кету керек, Қараспан ауыл округінде ауызсумен қамту жұмыстары толығымен аяқталып, алдағы уақытта абонент санына сәйкес су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілмек.

Бұдан бөлек, аудан әкімі Мақташы ауылындағы жаяу жүргіншілер жолдарының жай-күйімен де танысты.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...