Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек»
– Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры.
– Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр.
– Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек
– Ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн.
Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс.
– Құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, жаңа суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатиысқаның хабарлаған едік.
Жаңа суперкомпьютер өте жылдам жұмыс істейді. Ол бір секундта миллиард есеп шығара алады. Бұл – Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер саналады. Әдетте мұндай техника түрін ғарышты зерттеу, жасанды интеллектіні дамыту сияқты жұмыстарда қолданады. Жаңа жүйені нейрожелімен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.
«Бұл — елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызы бар қадам. Ол Қазақстанның цифрлық егемендігін және ЖИ технологияларын дамыту мен жаһандық IT ойыншыларын тарту бағытындағы өңірлік көшбасшылығын нығайтады», — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Бұл жоба — 2029 жылға дейінгі жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды элементі әрі Қазақстанның заманауи IT-инфрақұрылымын қалыптастыру жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
