Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси көшбасшылық өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделуге тиіс деп есептейді. Мемлекет басшысы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-інші сессиясында жасаған баяндамасында осылай мәлімдеді.

Қысқаша тезистер:
Логистика
Еуразия төсінде орналасқан Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 80 пайызына қызмет көрсететін логистикалық хаб ретінде шешуші рөл атқарады.
Саясат
Біз әрқашан ашық нарық қағидаттарына сүйенеміз әрі бұл мемлекеттік саясатымыздың негізгі бағыты болып қала береді.
Әлемдегі жағдай
Саяси көшбасшылық-бір-біріне күмән күдікпен қарап, менмендік таныту емес өзара түсіністік пен құрметтен тұрады.
Әлемге тірек болып тұрған толеранттылық пен парасаттылық заң үстемдігіне арқа сүйеуі қажет.
Қауіпсіздік
Бүгінде біз алаңдатарлық ахуалға куә болып отырмыз: қарулануды шектейтін шарттар сақталмайды, демек, стратегиялық тұрақтылықтың да іргесі сөгіле бастады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы — әлемдік нарықта зор әлеуетке ие жетекші саламыздың бірі. Қазақстанның астық экспортындағы әлеуеті -12 миллион тонна. Бұл халықаралық нарықтың басым бөлігін қамтиды және көлік байланыстарын жақсарту есебінен сауданы кеңейтудің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
Жасанды интеллект
Қазақстанда жасанды интеллект экономика мен мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық секторына енгізіледі. Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың базалық инфрақұрылымы жасақталып жатыр. Дарынды жас мамандарымыз мұны іске асыруға әзір.
Демократия
Жалпыұлттық референдум арқылы Президентті жеті жылға бір мерзімге сайлайтын норма енгізілді. Бұл демократия қағидаттарына сай есептілікті күшейтеді. Біз «Күшті Президент-ықпалды Парламент -есеп беретін Үкімет» формуласын ұстанамыз.
Жаһандану
Қазақстан БҰҰ аясында Жасанды интеллектіні басқару бойынша жаһандық диалогтың басталуын қолдайды.
Бейбітшілік – тілегіміз
Қазақстан араағайындық және бітімгер рөлін жалғастырады. Біздің таңдауымыз: үстемдік емес — тепе-теңдік, жіктелу емес — ынтымақтастық, соғыс емес -бейбітшілік.
Жаппай қырып-жою қаруын таратуына қарсы күрес
Қазақстан ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаңа диалогқа дайын. Біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартты күшейтіп, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың орындалуына түрткі болу үшін бейресми пікір алмасуларға мән бере аламыз.
Саясаткерлердің манипуляциясы
Ғылым, медицина, спорт, дін және мәдениет сияқты жаһандық игіліктер геосаяси бөліністің құралына айналмауға және санкция салуға себеп болмауға тиіс. Адамзат өміріндегі бұл ізгі құндылықтар бізді гуманизм идеясына біріктіреді.
Геосаяси шиеленіс
Қазіргі геосаяси шиеленіске қарап, кейбір саясаткерлер «өркениеттер қақтығысынан қашып құтыла алмаймыз» деген пікір айтып жүр. Алайда мұндай алауыздық тағдырдың жазуы емес, олардың саяси таңдауы.
Үміт бар жерде, онда ешқашан қараңғылық болмайды
Әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Өкінішке қарай, жақсы жаққа қарай өзгерді деп айту қиын. Дәл сол себепті жер жүзіндегі миллиондаған адам Бірікккен Ұлттар Ұйымына үлкен үмітпен көз тігіп отыр.
Қазақстанды цифрландыру
Біздің стратегиялық мақсатымыз — үш жылдың ішінде Қазақстанды толық цифрланған елге айналдыру.
Бітімгершілік
Қазақстан дауды ушықтырғаннан гөрі дипломатияға жүгінуді, күш қолданғаннан гөрі диалог жүргізуді жөн деп санайды.
Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады
Қазақстан жауапкершілігі бар орта державалардың үні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде барынша анық естілуі қажет деп санайды.
Инновация
Жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні кеңінен қолдану еліміздің ұлттық басымдығына айналды.
Түсінік — келісімнің басы
Әлем сенімге, ашықтыққа және ортақ жауапкершілікке арқа сүйейтін жаңа консенсусқа зәру.
Бөліскенді бөрі жейді
Қазіргідей алмағайып кезеңде бәріміз БҰҰ позициясының нығаюына ықпал етуіміз қажет.

Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
