Көп жылғы тәжірибе – сенімді тірек

Теміржол саласы – ел экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Осы жауапты әрі күрделі салада абыройлы еңбек етіп келе жатқан мамандардың қатарында Кулымбетова Гульнур да бар. Оның еңбек өтілі 24 жыл 8 айды құрайды.

Гульнур Кулымбетова еңбек жолын Түркістан локомотив пайдалану депосында жылдамдық таспасын анықтаушы оператор қызметінен бастаған. Іскерлігі мен жауапкершілігінің арқасында кәсіби тәжірибесін шыңдап, өз мамандығына адалдығын көрсетті. Бүгінде ол жылдамдық таспасын өңдеу инженері қызметін абыроймен атқарып келеді.

Көп жылғы табанды еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында ол әріптестеріне үлгі болып, теміржол саласының дамуына өз үлесін қосып жүр. Осындай тәжірибелі мамандардың қажырлы еңбегі еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуға зор серпін берері сөзсіз.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеген еді.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деді Президент.

x

Check Also

Тағы да бір кезекті ота, тағы да бір өмір

Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік, пышақ. © Ибн Сина (Авиценна). Жұмысшы мамандықтар жылы: дәрігер – өмір сақшысы. 2025 ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...