Болашақты ойлаған жапондар — Xnews — ақпарат агенттігі

Болашақты ойлаған жапондар

«Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көкөніс пен бақша дақылдарын жинау бойынша экспедиция маршруты» Алматыдан басталып, бүгін біздің ауданға да жетті.

Экспедицияның басты мақсаты – 10 күн ішінде Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында көкөніс пен бақша дақылдарының дәстүрлі, жергілікті және бейімделген түрлерінің үлгілерін жинау. Бұл үлгілер генетикалық әртүрлілікті сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу және селекция жұмыстарында пайдаланылатын болады.

Экспедицияны Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметкері Искаков Аюп Рашидұлы ағамыз бастап жүр. Ауданымыздағы маршрутты алып жүру маған бұйырып, қонақтарды ауылымыздың егін алқаптарына апардым. Жапондық ғалымдар қажетті арнайы қызанақ, қауын, қарбыз, ащы және тәтті бұрыш сұрыптарын тауып, өздеріне керекті үлгілерін жинап алды.

Экспедиция соңында жапондық ғалымдар жергілікті тұрғындардың үйінде айран, құрт, қолдың майының дәмін татып, қазақтың қонақжайлығына тәнті болды. Сондай-ақ, халқымыздың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы атамыздың кесенесіне арнайы зиярат етіп қайттық.

ДЕЛЕГАЦИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Доктор Катсунори ТАНАКА – Хиросаки университетінің доценті
Доктор Сатоши ФУДЖИТО – НАРО көкөніс және жеміс шаруашылығы институтының аға ғылыми қызметкері
Доктор Фан Мио ВАНГ – НАРО генетикалық ресурстарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері

Осындай халықаралық ынтымақтастық ауыл шаруашылығын дамытуға, жаңа ғылыми нәтижелерге және достық қарым-қатынасты нығайтуға жол ашады!

Мадлен Нұрланұлы Әбубәкір
Әлеуметтік парақшасы

x

Check Also

В Туркестанской области строится неимеющий аналогов в стране откормочный комплекс

В Сауранском районе динамично ведется строительство одного из крупнейших инвестиционных проектов в сфере агропромышленного комплекса — откормочного комплекса, не имеющего ...

Түркістан облысында елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау кешені салынып жатыр

Түркістан облысы Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде баламасы жоқ мал бордақылау кешенінің құрылысы ...