Бас прокурор Берік Асылов алаяқтардың жаңа әдісі туралы ескерту жасады — Xnews — ақпарат агенттігі

Бас прокурор Берік Асылов алаяқтардың жаңа әдісі туралы ескерту жасады

Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгін ҚСжАЕК-ның Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалды.

Орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға кіріскен: «е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстылықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды.

Жуырда дәл осы Орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады.

Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулылары» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі бар хаттарды таратуда. Оған өту қаражаттың ұрлануына және құрылғылардың зақымдалуына әкеледі.

Алғашқы шабуылдар АҚШ пен РФ-да тіркелді, сол себептен біз азаматтар мен мемлекеттік органдарды бар тәуекелдер туралы хабардар етудеміз.

Адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – біз үшін бірінші кезектегі міндет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура киберқылмыс қауіп-қатерлерін дер кезінде анықтап, алдын алу мақсатында цифрлық болжамды одан әрі жүзеге асырады. Бұл – қоғам алдындағы біздің жаңа жауапкершілігіміз.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкентте қоғамдық қауіпсіздік цифрлық технологиялар арқылы күшейтілуде

Шымкент қаласы Полиция департаментінде прокуратурамен бірлесіп, «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері бойынша ...

Шетелдік жұмыскерлермен еңбек шартының жасалуы міндетті

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫСКЕРЛЕРМЕН ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ? Жұмыс беруші үшін 3 негізгі қадам: Құжаттарды тексеру: жұмысқа қабылданар алдында ...