Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті — Xnews — ақпарат агенттігі

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

2025 жылғы қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша Қазақстанда аграрлық өндірістің тұрақты өсімі байқалды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға артып, 3,6 трлн теңгені құрады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Өсім мал шаруашылығы өндірісінің 3,2%-ға (2 262,3 млрд теңге), өсімдік шаруашылығының 4%-ға (1 254,1 млрд теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

8 айда 696,2 мың тонна ет (тірідей салмақта, +1,9%), 2 625,2 мың тонна сүт (+6%) және 3 011,7 млн дана тауық жұмыртқасы (+1,2%) өндірілді.

Мал басы: ірі қара – 8,6 млн (+0,2%), жылқы – 4,5 млн (+6,3%), түйе – 299,8 мың (+4%), құс – 46,9 млн (+2,8%).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде де айтарлықтай өсім тіркелді: қант – +24% (99,2-ден 122,8 мың тоннаға дейін), ет консервілері – +29,7% (4,5-тен 5,8 мың тоннаға дейін), өсімдік майы – +27% (468,5-тен 595,0 мың тоннаға дейін), шұжық өнімдері – +8,8% (47,1-ден 51,2 мың тоннаға дейін), сары май – +15% (21,9-дан 25,2 мың тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдері – +6,4% (161,2-ден 171,5 мың тоннаға дейін).

Жалпы, 8 айда тамақ өнімдері өндірісі 10,1%-ға (2 476,7 млрд теңге), ал сусындар өндірісі 7,1%-ға (813,1 млрд теңге) артты.

Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық белсенділік те өсіп келеді. 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында ауыл шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестициялар 516,2 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға артты. Тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар – 119,2 млрд теңге (+42,8%).

Қазақстанның ауыл шаруашылығы оң динамика көрсетіп отыр. Бұл өндіріс пен инвестиция көлемінің ұлғаюынан, сондай-ақ қайта өңделген өнім өндірісінің артуынан айқын көрінеді. Мұның бәрі елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экспорттық әлеуетін кеңейтуге алғышарттар жасайды.

x

Check Also

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан ...