Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту – экономикалық өсімнің негізгі бағыты — Xnews — ақпарат агенттігі

Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту – экономикалық өсімнің негізгі бағыты

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру – ел экономикасының маңызды басымдықтарының бірі. Қазіргі таңда көптеген аймақтарда өндірістің барлық сатысын қамтитын үздік агрокәсіпорындар жұмыс істеп келеді. Оларды халық жақсы біледі және бұл кәсіпорындар цифрландыру тәсілдерін кеңінен енгізу арқылы өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруда.

Кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызға, ал жұмыспен қамту ісіндегі үлесі 50 пайызға жуықтап отыр. Бұл көрсеткіштер жаман емес, дегенмен аталған саланы жүйелі түрде жетілдіру арқылы ғана экономиканы дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға тың серпін беруге болады.

Сонымен бірге, министрлік мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржыландыру шараларын қолға алуы қажет. Басты мақсат – ішкі нарықты сапалы ет өнімдерімен толық қамтамасыз ету және осы саланың экспорттық әлеуетін арттыру.

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауынан

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...