АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті — Xnews — ақпарат агенттігі

АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті

2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті.

Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған.

Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау.

Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін:
— тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
— атаудың өз нұсқасын ұсыну;
— қажет болған жағдайда оның мәнін қысқаша түсіндіру;
—  конкурстың ресми ережелерімен танысқанын растау қажет.

Ұсыныстар 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Конкурстың ережелерімен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында танысуға болады.

Ұйымдастырушылар еліміздің барлық азаматтарын энергетикасы тарихына үлес қосып, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке атау ұсынуға шақырады.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...