Заң мен тәртіп – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың негізі

Бүгін Шымкенттегi Достық үйінде «Заң мен тәртіп – қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықтың негізі» тақырыбында кездесу өтті. Жиынды Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Пан ашып, жүргізді,деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Қоғамдық келісім баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ic-шараға қалалық прокуратура, әділет департаменті, полиция департаментінің жауапты қызметкерлерi мен қалалық сайлау комиссиясы өкілдері, этномәдени бірлестіктердiң жетекшілері, мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлері мен белсенді азаматтар қатысты.

Басқосуда қоғамда заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы елдің тұрақты дамуы мен халықтың бейбіт өмір сүруінің кепілі екені айрықша айтылды. Құқықтық мәдениетті дәріптеу, этносаралық келісімді нығайту арқылы қоғамдағы тыныштықты сақтау – Қазақстан халқы Ассамблеясы ұстанған басты бағыттардың бірі екені тиянақты түсiндiрiлдi.

Кездесуде Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Н.Базарбаев экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау жайында, қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Р.Досанова құқықтық тәртіп пен азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы сөз сөйледi. Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Бағлан Мырзабаев қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін баяндаса, Шымкент қаласы Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Алиев елдегі сайлау жүйесінің дамуы және сайлау мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жеткізді.

Пікір алмасу барысында қатысушылар құқық қорғау органдары мен ел азаматтары арасында түсіністікті арттыру, заң нормаларын ұстанып, қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған ұсыныстарын айтты. Жиынды қорытындылаған Ю.Пан талқыланған маңызды мәселелер назарға алынатынын атап өтіп, ел бірлігі мен қоғамдық татулық жолындағы мемлекет органдар мен азаматтық қоғам белсенділерінiң еңбектеріне табыс тіледі.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...