Вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техника алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техника алды

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша «Қазсушар» РМК филиалдарын жаңа арнайы техникалармен қамту жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдық алды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалауға және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланыла бастады. Жалпы алғанда «Қазсушар» филиалдарына барлығы 757 автокөлік мен құрал-жабдық беру жоспарланып отыр.

Министрлік ұсынған техникалар қатарында экскаваторлар, тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, самосвалдар, тартқыш көліктер, автокрандар, жанармай тасымалдағыштар, қосалқы құрал-жабдықтар мен дизельді генераторлар бар.

«Жаңа техникалар вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне жағдай жасау үшін, соның ішінде каналдардың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына қолданылып жатыр. Қазіргі уақытта «Қазсушар» филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның 780 шақырымында жұмыстар аяқталды»,– деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

x

Check Also

“Казахстан может догнать Европу“: тренер сборной высказался о стадионах

Новый главный тренер сборной Казахстана по футболу Джон ван ’т Шкип из Нидерландов оценил инфраструктуру в стране, передаёт Tengri Sport ...

Президент Жолдауын жүзеге асыру: құны $78,6 млрд болатын 215 жоба Қазақстанның жаңа инвестициялық циклін қалыптастыруда

Қазақстанда тартылатын капитал көлемін ұлғайтуға ғана емес, оның құрылымын өзгертуге де бағдарланған жаңа инвестициялық цикл қалыптасуда. Басымдық өңдеу өнеркәсібіне, терең ...