Түркістан облысында 800-ден астам түлек «Серпін» бағдарлармасымен грантқа түсті

2025 жылы жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 50 831 жасты осы жоба аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы мәлімдеді.

«Облыс бойынша жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен 128 636 жасқа кеңес берілді. Өңірде биылғы жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 15-34 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9% құрады. Ал, NEET санатындағы жастар көрсеткіші 5,8%-ға төмендеді. Биыл «Серпін-2050», «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» сынды мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында еліміздегі 8 жоғары оқу орнының өкілдері арнайы келіп, аудандарда мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Нәтижесінде бағдарлама аясында Түркістан облысынан 802 түлек грантқа түсті. Бұдан бөлек, облыс бойынша 132 еріктілер ұйымдарында 18 мыңнан астам жастар белсенді мүше ретінде тіркелген. Еріктілер жұмысын дамыту бағытында облыс көлемінде 6 бағыттан тұратын ауқымды акциялар өткізілді. Нәтижесінде 408 сенбілік өткізіліп, 197 500-ге жуық жас атсалысты», — деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...