Түркістан облысында 500-ге жуық елді мекенде өртке қарсы минералды жолақтар сызылған

Түркістан облысы аумағындағы 478 елді мекен жиегінде өртке қарсы минералды жолақ жырту және құрғақ шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мейрамхан Кемелханов мәлімдеді.

«Облыс аумағында 37 маусымдық өрт сөндіру бекеттерін құру жоспары бекітіліп, бүгінгі күнде 25 бекет құрылды. Өрт маусымының басталуына орай 14 мобильді топ құрылып, рейдтік шаралар өтті. Өңірде 14 мыңнан астам шақырым минералды жолақтар жүргізілді. Жыл басынан орманды жерлерде 278 гектар алқапты қамтыған 8 өрт тіркелді. Өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтамаған тұлғаларға заң аясында жеке тұлғаларға – 20 АЕК, лауазымды адамдарға – 50 АЕК, шағын кәсiпкерлiк нысандары немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК, орта кәсiпкерлiк нысандарына – 300 АЕК, iрi кәсiпкерлiк нысандарына — 500 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынатын болады»-деді сала басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...