Төрт өңірдің үздіктері Шымкентте бас қосты — Xnews — ақпарат агенттігі

Төрт өңірдің үздіктері Шымкентте бас қосты

Шымкент қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына 20 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай дәстүрлі өңіраралық спартакиада ұйымдастырылды. Ауқымды шараға Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының командалары қатысып, өзара бақ сынады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – мемлекеттік корпорация қызметкерлері арасында үшінші мәрте өткізіліп отырған спартакиада. Бұған дейінгі жарыстар Жамбыл, Түркістан және Қызылорда өңірлерінде өткен. Ал биылғы тартыс — елге қызметімен танылған корпорацияның 20 жылдығы мен Ата Заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, ерекше мазмұнға ие болды.

Жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Бұл спартакиада – бір ұйымдағы әріптестердің өзара татулығын арттыратын, рухты серпілтетін алаң. Мемлекеттік қызметкерлер үшін мұндай басқосулар ортақ құндылықтарды ұлықтауға, ұжымдық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады, – деді ол құттықтау сөзінде.

Ашылу салтанаты эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен басталып, қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Спорт пен өнер үндесіп, күн шынайы мерекеге айналды.

Спартакиадаға төрт өңірден 500-ге жуық қызметкер жиналды. Командалар бес спорт түрі бойынша сайысқа түседі. Олар кіші футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту және үстел теннисі. Барлық жарыс бір күн ішінде өткізілмек. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда Астанада өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

– Бұл шара тек спорт емес, бұл – серіктестік пен сенімді нығайтатын құрал. 500 қызметкердің бір алаңда жиналуы – корпорациямыздың ішкі бірлігінің көрінісі, – деді Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары Мәди Аманжол.

x

Check Also

Садақ атудан әлем чемпионатының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Шымкент халықаралық әуежайында Оңтүстік Кореяда өткен садақ атудан әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларды жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. Ульсан қаласында ...

Шымкент: Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырым көшенің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран шағынауданында ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын көшенің құрылысымен танысты. Бұл нысандағы жұмыс 2019 жылы басталып, ...