Шымкентте қоғамдық тамақтану саласында жұмысшыларға сұраныс көбейді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте қоғамдық тамақтану саласында жұмысшыларға сұраныс көбейді

Осыған сәйкес өңірдегі білім беру ұйымдарына аспаз, кондитер және көмекші мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайып, 15 мың 500 грант бөлінді, деп хабарлайды 24kz.

Ауыл және балық шаруашылығын дамтуға білікті кадрлар қажет. Осы мақсатта білім беру ұйымдарының оқу базасы кеңейіп, тәжірибелік алаңдар құрылды. Кәсіпорындар тарапынан да тапсырыс екі есе көбейген. Сондықтан сала мамандары дуалды оқыту жүйесі бойынша жаңа келісім шарттар жасалып отырғанын айтады. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнап, екіжақты тәжірибе алмасуға жол ашылған.

Құрбанәлі Камал, колледж директорының орынбасары:
— Біздің колледж 2022-2023 оқу жылдары 8 кәсіпорынның мақсатты нысаналық мемлекеттік тапсырысы бойынша 50 орынға тапсырыс түскен. Бұл жұмыс берушілердің болашақ кадр даярлауға ықпалы деп түсінеміз. Биыл осы 8 кәсіпорыннан 100 мақсатты мемлекеттік тапсырысқа сұраныс түсіп жатыр.

Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айшықтап, олардың өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Шымкентте 9-сыныпты тәмәмдаған түлектер болашақ мамандығын таңдау үшін кәсіптік бағдар берілді

Мамандар талапкерлерді жол-көлік саласының қыр-сырымен таныстырды. Арнайы қызмет көрсету орталығына экскурсия ұйымдастырып, жұмыс барысын көрсетті. Биыл еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлау бойынша техникалық және кәсіптік мамандықтарға 8 мың білім гранты бөлінді. Сапалы біліммен қамту үшін дуалды оқыту жүйесі де жетілдірілді. Яғни, серіктестіктер арқылы тәжірибе алмасу ісі жолға қойылды. Нәтижесінде түлектердің 75%-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Айгүл Рүстемова, қалалық білім басқармасының бас маманы:
— Нәтижесін көріп отырмыз. Себебі бізде үздік оқыған түлектеріміз осындай мекемелерге барып, өз тәжірибесін, білім дағдысын көрсете алса, әлеуметтік әріптестер арқылы жұмысқа алынды. 75% балалар жұмыспен қамтылған.

© «24KZ» телеарнасы

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...