Шымкентте жаңа оқу жылы қарсаңында білім саласында ірі өзгерістер: Екі жекеменшік мектеп жабылып, 16 мектеп лицензия алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкентте жаңа оқу жылы қарсаңында білім саласында ірі өзгерістер: Екі жекеменшік мектеп жабылып, 16 мектеп лицензия алды

Шымкент қаласының білім саласында 2025-2026 оқу жылына дайындық аясында маңызды өзгерістер жүзеге асуда. Қаладағы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мәліметіне сәйкес, соңғы уақытта екі жекеменшік мектеп өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы ресми дереккөздер хабарлады,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «INTELLEKT» жалпы орта мектебі ЖШС (БСН: 191240016825) 2025 жылғы 14 шілдеде, ал «Smart» орта білім беретін мектебі ЖШС (БСН: 180840008158) 28 шілдеде өз бастамасымен білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияларын тоқтатқан. Бұл шешім мектептердің өз өтініштері негізінде қабылданған.

Жаңа оқу жылына дайындық барысында 16 мектеп лицензия немесе лицензия қосымшасына өтініш беріп, білім беру қызметін жүзеге асыруға рұқсат алды. Оның ішінде 11 мектеп мемлекеттік «Келешек мектеп» жобасының аясында ашылған №140-ден №150-ге дейінгі аралықтағы жалпы орта білім беретін мектептер болып табылады. Бұл мектептер мемлекеттік стандарттарға сай сапалы білім беру және заманауи талаптарға сай инфраструктура құру мақсатында іске қосылуда.

Сонымен қатар, 5 мектеп жекеменшік форматта жұмыс істеуге лицензия алып, қаладағы білім беру саласына жаңа леп әкелді. Бұл жекеменшік мектептер қатарында:
• «SHYMKENT HIGH SCHOOL» ЖШС
• «Зерде» мектеп-лицейі ЖШС
• «VC Shymkent» ЖШС
• «Дарын-2 республикалық мектеп-лицейі» ЖШС
• «Zulpykhar mektebi» ЖШС

Жекеменшік мектептердің санының артуы – қалада білім сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір көрінісі. Бұл мектептер сапалы оқыту, жеке тәсіл және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы білім саласын дамытуға үлес қосып отыр.

Айта кетейік, білім беру лицензияларының тоқтатылуы және жаңа лицензиялардың берілуі — білім саласындағы сапаны бақылаудың, мектептердің қаржылық және ұйымдастырушылық тұрақтылығын тексерудің бір бөлігі. Осылайша, Шымкент қаласының білім басқармасы білім беру мекемелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, оқушыларға сапалы білім беру мүмкіндігін арттыруға ұмтылады.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/wvYz091H3rQ?si=SXDLBLecJtDza21J

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...