«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшылығымен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Онда «QH – Шымкент қаласында жылдам тұрғызылатын модульдік ангар типтес спорт залдарын салу» атты қайырымдылық жобасын бірлесіп жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жоба аясында екі спорт нысанын салу жоспарланып отыр. Біріншісі — қаладан шеткері орналасқан Қайнарбұлақ тұрғын алабында болса, екіншісі — №2 Оқушылар сарайы аумағында бой көтереді.
Бұл нысандар қала тұрғындары, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасап, бұқаралық спорттың дамуына серпін береді.
Қазіргі таңда тараптар арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум жобасы, жол картасы мен келісімшарттар бойынша жұмыс аяқталып қалды. Жақын арада тиісті құжаттарға қол қойылып, құрылыс жұмыстары басталады.
⠀
Қала әкімдігі өз тарапынан инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қауіпсіздік және тиімді пайдалану шараларын атқарады.
Осы игі бастаманы қолдап, қала жастарының жарқын болашағына үлес қосып отырған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына алғысымызды білдіреміз!
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі