Шымкент: Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптары газдандырылды

Шымкентте қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Жұлдыз /жаңа құрылыс аумағы/ және Жалын тұрғын алаптарында табиғи газды қосуға қатысты.

Айта кетейік, газ құбырларының құрылысы өткен жылдың тамыз айында тұрғындармен көшпелі кездесулер кезінде айтылған өтініштері бойынша басталған болатын. Бүгін Жұлдыз шағынауданында 834 абонент және Жалын шағынауданында 566 абонент көгілдір отынға қол жеткізді.

Жалпы 33 шақырымнан астам газ құбыры салынды. Осының арқасында екі тұрғын алабы да орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.

Қала әкімі тұрғындардың көптен күткен қуанышына ортақтасып, мердігерлерге жұмыстарды сапалы және уақтылы орындағаны үшін алғыс айтты.

Айта кету керек, газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарттарды алуға өтініш беруі керек. Мұны «eGov Mobile» қосымшасы немесе электрондық үкіметтің веб-сайты egov.kz.
арқылы жасауға болады

Қалада газбен қамтамасыз ету жүйесі жақсы дамыған, Шымкенттің бірқатар тұрғын алаптары мен өндіріс орындары газбен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, газ инфрақұрылымының кеңеюі мен жаңаруы бойынша жобалар бар. Алайда, тұрмыста газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпауымыз керек!

Табиғи газ адамдар үшін қауіптің ықтимал көздері болып саналады. Тұрмыста пайдаланылатын метан және сұйытылған газ (баллондарда) адам өміріне аса қауіпті. Ағып кету кезінде олар тұншығуды, улануды және ең жаманы, жарылысқа әкелуі мүмкін. Қыста суық ауа райында жылы, жайлы бөлмеде жатқан адам иісті сезіп үлгермейді. Қауіптілік мынада: улы газ түссіз, иіссіз және оттегіні жояды.

Газды және газ баллондарын тұрмыста қолданған кезде міндетті түрде назарға алу қажет:
— Газ құрылғыларының қалыпты және дұрыс жұмыс істеуін бақылаңыз. Түтін мұржаларын және желдетуді тексеру үшін тек мамандандырылған ұйымды шақырыңыз.
— Газ пешін қолданар алдында, сорғышты реттейтін жапқыштың толық ашылатынын тексеріп, мезгіл-мезгіл мұржаның қалтасын (саңылау тесіктерін) тазалап тұру керек.
— Егер үйден ұзақ уақытқа кететін болсаңыз, газ құрылғысындағы барлық шүмекті жабыңыз. Баллон пайдалансаңыз, тамақ істеп болған сайын түтігін жабыңыз.
— Газ құбырлары мен жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін газбен жұмыс істейтін қызметкерлерді үйге кіргізіңіз, тек кіргізерден бұрын қызметтік куәліктерін қарап алыңыз.
— Егер үйден бір айдан астам уақытқа кететін болсаңыз, газ шаруашылығы мекемесіне хабарлауды ұмытпаңыз.
— Газ жабдығын тек білікті мамандар ғана орнатып, жөндеу керек.

Газдандыру кезде есіңізде болсын:
— автоматты қауіпсіз жабдықталған құрылғыны пайдаланыңыз (оттық алауы өшіп кеткен кезде және газдың күші болмаған кезде газды өшіруді қамтамасыз етеді);
— газдың шығып кету сигнал бергішін орнатыңыз. Газ құрылғысының орнын ауыстырғанда, қосымша нүкте орнатарда қызмет көрсететін компаниямен ақылдасып, солардың рұқсатымен орнатыңыз.

Тыйым салынады:
— үйді өз еркіңізбен газдандыруға, газды ауыстырып, орнынан қозғауға және кез келген газ құрылғысын жөндеуге;
— тиісті қызметтің рұқсатынсыз газ жабдықтың орнын ауыстыруға, үйді қайта салғанда орнынан қозғауға;
— газ құрылғылары, түтін және желдету арналарын өздігімен жобалауға;
— қолданыстағы қауіпсіздікті автоматтандыруды өшіруге;
— жабдығы бұзылған кезде газды пайдалануға;
— жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз тастауға және балаларды үйде жалғыз тастауға;
— газ құрылғылары орнатылған бөлмелерде ұйықтауға;
— газдың ағып кетуін анықтау үшін отын жағуға;
— абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.

Уланудың негізгі себептері:
— түтіндік, пеш мұржаларының дұрыс жұмыс істемеуі;
— желдеткіш арналарының тиісінше бақыламау;

Газ иісі шығып тұрса не істеу керек?
— Газ жабдықтарыны бәрін өшіріп,терезелерді дереу ашыңыз, өтпе жел жасаңыз;
— Жақын жерде, маңайыңызда ешкім от, сіріңке жақпасын, өрт немесе электр жарығын қолданбасын (темекі шегуге тыйым салынады, ажыратқыштар мен тұрмыстық техниканы қолдануға тыйым салынады);
— 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақырыңыз;

Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...