Шымкент: Аудит әлеуметтік салалардағы қаржыны тиімді басқару мәселесін көтерді

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 46 аудиторлық іс-шара өткізіп, олардың нәтижелері бойынша 34,1 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық тәртіптің бұзылуы – 9,2 млрд теңге, ал рәсімдік сипаттағы заңбұзушылықтар – 24,9 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алулар саласындағы кемшіліктер – 23,2 млрд теңге болды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Өткізілген аудиттердің басым бөлігі – жоспардан тыс (37 іс-шара), тек 9 аудит қана алдын ала жоспарға сәйкес жүргізілген. 2024 жылдан ауыспалы үш нысан мен 2025 жылғы тізбеге енген алты нысан қамтылды. Барлық аудитпен қамтылған қаржы көлемі – 364,1 млрд теңге, оның ішінде қаржылық есептілік аудиті – 315,8 млрд теңге, сәйкестік аудиті – 48,3 млрд теңге.

Анықталған 9,2 млрд теңге қаржылық бұзушылықтың 93,8 млн теңгесі бюджетке өтеуге, ал 9,06 млрд теңгесі қалпына келтіруге жатады. Оның ішінде 5,7 млрд теңге – орындалмаған құрылыс жұмыстарына байланысты. Бухгалтерлік есепке алу жолымен қалпына келтірілген сома – 49,9 млн теңге.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы алты айында 8,2 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілді, бұл анықталған қаржылық бұзушылықтардың 89,3%-ын құрайды.

Аудит қорытындылары бойынша:
• 42 аудит нысанына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді;
• 36 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
• 7 аудит материалы құқық қорғау органдарына беріліп, 901,1 млн теңге көлеміндегі заңбұзушылыққа процессуалдық шешім қабылданды;
• 2 іс сотқа жолданып, жалпы 28,9 млн теңге сомадағы талап қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, 2024-2025 жылдардағы 9 аудит материалы бойынша сот шешімі заңды күшіне енген. Қосымша, есепті кезеңде 14 лауазымды тұлға 10,7 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұл қаржы толық көлемде мемлекет бюджетіне өндірілді.

Толығырақ: https://www.youtube.com/live/HDDXx8y4O8o?si=yDNP7XaigSnlLgnU

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...