Шымкент: Абай ауданында тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Абай ауданында тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымдық жобалар қарқынды жүргізілуде

Абай ауданына қарасты «Бозарық» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы белсенді түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда тоғыз қабатты 16 тұрғын үйдің бесеуі пайдалануға берілді. Қалған жеті үйдің құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен аяқталып, төрт үй 2026 жылы тапсырылады деп жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс қарқынын арттырып, аумақты көгалдандыру және жасыл желектерді суару үшін автоматты суару жүйесін орнату тапсырылды.

Сол күні «Нұршуақ» шағынауданында қуаттылығы сағатына 2000 м³ болатын жаңа кәріз коллекторы іске қосылды. Әлеуметтік маңызы зор бұл жоба қаланың солтүстік-батыс бөлігін — атап айтқанда, «Тұран», «Шымсити», «Бозарық», «Асар», «Асар-2», «Қайтпас-2» және «Достық» шағынаудандарын тұрақты кәріз жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Тұран және Әл-Фараби аудандарында орналасқан дарынды балаларға арналған №1 IT-лицей-интернаты мен О.Жолдасбеков атындағы №9 IT-лицей ғимараттарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Құрылыс басқармасына жөндеу сапасын бақылауды күшейту, ал мердігер мекемелерге жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жөндеу жұмыстарын толық аяқтау міндеттелді.

Мемлекет басшысының халықты баспанамен қамту бойынша берген тапсырмасы аясында Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. 2024 жылы 161,9 мың шаршы метрді құрайтын 55 тұрғын үй құрылысы аяқталып, баспана кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға берілді. Сонымен қатар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтерлер нарықтан сатылып алынады.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...