Шаруаларға жеңілдік: Ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын салық азаяды

Шымкент қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – салық жүктемесін азайту бағытында маңызды өзгерістер туралы хабарлайды.

2018 жылы Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері елдімекен санатына енгізілді. Бұл өзгеріс салық мөлшерлемесінің айтарлықтай өсуіне алып келді. Атап айтқанда, салық көлемі гектарына 91 700 теңгеге дейін жетіп, шаруалар мен кәсіпкерлерге ауыр салмақ түсірді.

2022 жылы қалалық мәслихаттың шешімімен бұл мөлшерлеме 50 пайызға төмендетілгенімен, көрсеткіш көршілес өңірлермен салыстырғанда 45 есе жоғары күйінде қалды. Бұл жағдай ауыл шаруашылығының дамуына кедергі келтіріп, шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етті.

Осыған байланысты қала әкімдігі Парламент депутаттарымен және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәселені түбегейлі шешу мақсатында кешенді жұмыс жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Мемлекет басшысының қол қоюымен жаңа Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізілді.

Жаңа нормаларға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Шымкент қаласының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне салынатын салық мөлшері гектарына орта есеппен 1 013 теңгені құрайтын болады. Бұл – бұрынғы мөлшерден 45 есе төмен.

Аталған өзгеріс ауыл шаруашылығымен айналысатын азаматтарға қолайлы әрі әділ жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Қала әкімдігі алдағы уақытта да азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және өңірлік экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыра береді.

x

Check Also

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

1–14 тамыз аралығында Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шара өтуде. Шараның негізгі мақсаты ...

Шымкентте медиация күніне орай ашық есік күні өтті

Шымкент қаласында «Құқық қорғау және татуласу орталығында» Медиация күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орайластырылып, ...