Президент: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауы.

Қадірлі қауым!

Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын!

Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын.

Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті.

Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында.

Бұл өңір – Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке. Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді.

Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық.

Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Aqorda

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Түркістан облысының «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауындағы жеңімпазы марапатталды

Астана қаласында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша еліміздің әр өңірінен іріктелген 20 отбасы салтанатты түрде марапатталды. Аталған ...