Полиция ойын алаңшасын қиратқан жасөспірімдерді анықтады

Түркістан қаласының полиция басқармасына “Отырар” шағын ауданында бірнеше кәмелетке толмағандар балалар ойын алаңын бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері жедел шешім қабылдап, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде көшеде ойнап жүріп, ойын алаңындағы құрылғыларға едәуір зиян келтірген үш жасөспірім анықталды. Тәртіп сақшылары құқық бұзушылық жасаған 6 сынып оқушыларының ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оларға мұндай әрекеттерге жол бермеу және қоғамдық орындарға құрметпен қараудың маңыздылығын түсіндірді.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілікті арттыруға, абаттандыру ережелерін сақтауға, ойын алаңдары мен орындықтарды бұзбауға, қоқыстарды тастамауға және қаламызды таза ұстауға шақырады.

ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК

x

Check Also

Ел Президенті Түркістандық еңбек адамдарын мемлекеттік наградамен марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік саласының қызметкерлерін марапаттады. Президент ең алдымен, көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына ...

Түркістан облысында Әділет департаменті 3500-ден астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсеткен

2025 жылдың 6 айында Әділет департаментіне 3907 құжат түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 3697, заңды тұлғалардан – 210. Бұл ...