Ордабасы — инвесторлар үшін тартымды өңір!

Ауданымызда шетелдік инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар нәтижелі жүзеге асуда. Аудан әкімі Азат Оралбаев жаңартылатын энергия көздері саласында жетекші саналатын «Zhejiang Kanghua Wulian Technology Co., Ltd» компаниясының өкілдерін қабылдады.

Шетелдің ірі және озық технологиялы компанияларының бірі саналатын «Zhejiang Kanghua Wulian Technology Co., Ltd» Түркістан облысына, соның ішінде ауданымызға ерекше қызығушылық танытып отыр. Компания электр энергиясын тікелей өнеркәсіптік тұтынушыларға жеткізу бағытындағы инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

Кездесу барысында аудан басшысы инвесторларға өңірдің инвестициялық әлеуеті, инфрақұрылымдық мүмкіндіктері мен даму бағыты туралы кеңінен таныстырды. Әсіресе өнеркәсіп және энергия саласындағы жобаларды іске асыру үшін ауданда барлық қажетті жағдайлар жасалғаны атап өтілді.

Аталған жоба жүзеге асқанда, ауданда «жасыл энергетика» саласының дамуына тың серпін беріліп, экологиялық қауіпсіз және үнемді электр энергиясын өндіруге жол ашылады.

Ауданымыз бүгінде тек аграрлық салада ғана емес, индустриялық-инновациялық даму бағытында да айтарлықтай ілгерілеу үстінде. Халықаралық инвесторлармен орнатылған байланыс – осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...