Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі — Xnews — ақпарат агенттігі

Конституция: Егемендіктің негізі және әлеуметтік әділеттіліктің кепілі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы сөзі өте мазмұнды әрі еліміздің құқықтық жүйесі мен саяси реформаларына қатысты маңызды ойларды қамтыған. Мемлекет басшысы Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және конституциялық жүйенің дамуында Ата заңның ролін айрықша атап өтті. Оның сөзі арқылы Конституцияның тек заңды емес, ұлттың рухани және әлеуметтік тұтастығын сақтайтын құжат екенін тағы да ұқтық.

Тоқаев Конституцияның алғашқы қабылданған күнінен бері елімізде орын алған өзгерістер мен реформаларды баяндап, халықтың саяси белсенділігін арттыруда, азаматтық қоғамның қатысуын күшейту жолындағы бастамаларын атап өтті. Ол өз сөзінде осыдан үш жыл бұрынғы Конституциялық реформаның саяси-құқықтық жүйені түбегейлі өзгертудегі маңыздылығын және сол реформаның нәтижесінде Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа кезең басталғанын да тілге тиек етті.

Конституцияның 30 жылдығына арналған бұл маңызды жиында айтылған сөздер еліміздің болашақта өркениетті, әділетті мемлекет ретінде дамуына бағытталған стратегиялық қадамдардың негізі болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету үшін осы өзгерістердің маңыздылығы зор.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...