Көлік саласының болашағына бағытталған тәжірибелік кездесулер ұйымдастырылды

Шымкент қаласында көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына арналған бірқатар тәжірибелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілді. Негізгі мақсат – көлік саласы қызметкерлерінің еңбегін насихаттау, кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау және үздік мамандарды ынталандыру,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шаралар шеңберінде «NOMAD MOTORS SHYM» ЖШС (KIA ресми дилерлік орталығы) базасында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «Жол-көлік колледжі» МКҚК-ның әкімшілік өкілдері, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері, колледж білім алушылары және талапкерлер қатысты. Қатысушыларға өндірістік үдерістер, заманауи құрал-жабдықтар, сондай-ақ автокөліктерге қызмет көрсету мен жөндеудің жаңа технологиялары таныстырылды.

Қалалық білім басқармасының бас маманы Айгүл Рүстемова жұмысшы мамандықтарын дамыту бағытындағы жобалар, мақсатты білім беру тапсырыстары және әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі бастамалар туралы мәлімет берді.

Бағдарлама аясында «Автокөлікті бояу процесінде қолданылатын жаңа технологияларға шолу» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілмек. Шеберлік сағатын BASF концернінің ұлттық сарапшысы, «COLORFACTORY GROUP» компаниясының техникалық директоры М.И. Романов өткізеді. Іс-шара барысында қатысушылар автокөлік сырлау саласындағы заманауи химиялық және технологиялық шешімдермен танысады.

Аталған іс-шаралар білім беру ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ студенттердің болашақ кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға ықпал етеді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...