Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында автокөлік саласының ардагері “Құрмет” орденімен марапатталды — Xnews — ақпарат агенттігі

Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында автокөлік саласының ардагері “Құрмет” орденімен марапатталды

Қазақстанда 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай ел өңірлерінен түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген азаматтар мемлекет тарапынан жоғары марапаттарға ие болуда. Солардың бірі — Оңтүстік Қазақстан өңірінің өкілі, автокөлік саласының ардагері, «ЮЖАВТОТРАНС» қауымдастығының төрағасы Қайыпов Дархан Қалмұратұлы.

Дархан Қалмұратұлы көлік саласына қосқан қомақты үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл марапат — ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандық иелеріне көрсетіліп отырған құрметтің жарқын көрінісі.

Өмір жолы мен кәсіби қызметі

Қайыпов Дархан Қалмұратұлы 1950 жылы 26 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары — инженер-механик мамандығы бойынша Қазақ химия-технологиялық институтын (1974) және Өскемен құрылыс-жол институтын (1988) тәмамдаған.

Жалпы еңбек өтілі — 49 жыл, салалық тәжірибесі — 44 жыл, қазіргі қызметінде — 16 жылдан астам. Ол түрлі кезеңдерде өндірістік, әкімшілік және қоғамдық салаларда жауапты қызметтер атқарып, көлік саласының дамуына елеулі үлес қосты.

Қызмет жолы:
• Монтажспецстрой трестінде инженер (1974–1976 жж.)
• Абай ауданы комсомол комитетінің хатшысы (1976–1981 жж.)
• ОҚО жолаушылар тасымалы басқармасында инженер, партком хатшысы, басқарма басшысының орынбасары (1981–1994 жж.)
• «Арнайымонтаж» мекемесінде басшы (1994–1997 жж.)
• 4-автопарктің бас инженері (1997–1999 жж.)
• Қалалық әкімдікте транспорт бөлімінің бас маманы (1999–2005 жж.)
• «Энерготранзит-3» мекемесінің басшысы (2005–2008 жж.)
• 2009 жылдан бері «ЮЖАВТОТРАНС» қауымдастығының төрағасы қызметін атқарып келеді.

Бұған дейін алған марапаттары:
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
• «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
• «Ерен еңбегі үшін» медалі
• «Құрметті автокөлікші» төсбелгісі

Қоғам мен сала игілігіне аянбай қызмет етіп келе жатқан Қайыпов Дархан Қалмұратұлы — еліміздің еңбекқор азаматтарының жарқын үлгісі. Оның «Құрмет» орденіне ие болуы — жұмысшы мамандық иелеріне деген мемлекеттің жоғары бағасын білдіреді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...