Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025: Диқаншы – еңбектің нақты иесі!

2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғаны – ауыл еңбеккерлеріне деген құрметтің белгісі. Осыған орай, дала ерлері – диқаншылар туралы сөз қозғау – парызымыз.

Диқаншы – бұл тек жер жыртып, егін еккен адам ғана емес. Ол – табиғатпен үндестік тапқан, әр дәннің қадірін білетін, егіннің жайқалып өсуіне маңдай терін төккен шын еңбек иесі.

Бүгінде ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы. Диқаншылар – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған ел қорғаны. Жаңашыл агротехнологияларды меңгеріп, заман талабына сай еңбек ету – қазіргі диқанның басты міндеті.

Диқаншы болу – нағыз кәсіп, нағыз батырлық!

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеген еді.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деді Президент.

x

Check Also

Прогулки несовершеннолетних в ночное время: Обращение к родителям

Уважаемые родители! Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан выражает глубокую обеспокоенность участившимися случаями нахождения ...

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруі: Ата-аналарға үндеу

Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі ...