Жедел жәрдем көлігіне жол беру – адам өмірін сақтап қалуға жасалған қадам

Жол қозғалысы кезінде арнайы жарық және дыбыстық сигналдармен келе жатқан жедел жәрдем көлігін байқасаңыз, бұл – бір адамның өмірі үшін күрес жүріп жатқанын білдіреді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сирена мен маяк – жай ғана дыбыс немесе жарық емес. Бұл – көмек сұраған үн, әрбір секунды маңызды шұғыл жағдайдың белгісі. Сары түсті жедел жәрдем көлігі – үміттің символы.

Көлік ішінде денсаулығы күрт нашарлаған, жарақат алған немесе ес-түссіз күйдегі адам болуы мүмкін. Мұндай сәтте әр минут, әр секунд – шешуші рөл атқарады. Науқастың туыстары мен жақындары: «Тек үлгерсе екен, аман болса екен» – деп, үлкен үмітпен күтіп отырады.

Осыған байланысты:
Жедел жәрдем көлігіне жол беру – бұл адам өмірін құтқаруға мүмкіндік беру;
Жол бермеу – адамның өмірін қатерге тігу болып саналады.

Баршамызға ортақ азаматтық жауапкершілік – бейжай қалмау, адамгершілік таныту және жедел жәрдем көліктеріне дер кезінде жол беру.

Өйткені ертең бұл сирена сіздің немесе жақындарыңыздың өмірі үшін естілуі мүмкін.

Еске салсақ, Мемлекет Басшының сөзінше, «Заң және тәртіп» қағидатын жаппай дәріптеуіміз керек. Қазақ халқы қай заманда да заңға бас иген, дала заңын сақтаған халық. Бұл – біздің қанымызға сіңген қасиет.

«Түрік қағанаты, Алтын Орда мен Қазақ хандығы мықты мемлекеттік құрылымы, бірегей құқықтық жүйесі бар қуатты ел болғаны бәрімізге аян. Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің Жеті жарғысын Ұлы даланың конституциясы деуге болады. Атадан балаға жалғасқан бұл заңдар мемлекеттілік дәстүрін нығайта отырып, қоғамдық дамуға ерекше ықпал еткен. Ұлы далада еркіндік пен әділдік, ар-намыс пен адамгершілік, тілеулестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұрған», деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондықтан «Заң және тәртіп» қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді. Біз ата-бабамыздың бірегей құқықтық мұраларын мұқият зерделеп, жан-жақты насихаттауымыз керек. Бұл – халқымыздың құқықтық сана-сезімін арттыратын маңызды фактордың бірі деді президент.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...