«Barakat Invest» Шымкентте жаңа зауыт салмақ — Xnews — ақпарат агенттігі

«Barakat Invest» Шымкентте жаңа зауыт салмақ

Қазақстандық “Баракат Инвест” компаниясы соңғы он жылдан бері бетон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру саласында табысты жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда компания өндіріс көлемін арттырып, ел өңірлеріндегі құрылыс индустриясын дамытуға белсенді кіріскен.
⠀
Алдағы уақытта зауыттың ірі өндіріс жобасы — Шымкентте жүзеге асырылмақ. Инвестиция көлемі — 5,5 млрд теңгеге бағаланған.

Зауыт басшылығымен өткен кездесуде Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтар туралы толыққанды ақпарат берілді. Және бос жер телімдері таныстырылды.

Аталған зауыт іске қосылса, 100–150 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, өңірде құрылыс материалдарын жергілікті деңгейде өндіруге мүмкіндік беріп, импортқа тәуелділікті азайтады.

Шымкенттің өндірістік әлеуеті мен географиялық артықшылықтарын ескерсек, бұл жоба өңір үшін стратегиялық маңызы бар қадам болмақ.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...