Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025: Арнайы көлік жүргізушісі – техниканың тізгініндегі шебер

2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – нағыз еңбектің қадірін арттырып, шынайы кәсіп иелерін қолдау жылы.

Сол мамандықтардың бірі – Арнайы көлік жүргізушісі.

Бұл мамандық – ауыр техниканы басқару, құрылыс пен өндірістегі маңызды процестерге атсалысу, кен орындарында немесе ауыл шаруашылығында күрделі техникаларды басқару секілді жауапты істермен байланысты.

Бульдозер, экскаватор, кран, жүк тиегіш және басқа да арнайы техникаларды меңгеру – тек темір тұлпарды тізгіндеу емес, бұл – дәлдік, кәсібилік және жоғары жауапкершілікті талап ететін жұмыс.
Арнайы техника жүргізушілері құрылысты жылдамдатуға, өндірісті оңтайландыруға және ауыл шаруашылығын ілгерілетуге тікелей үлес қосады.

Бұл кәсіптің иелері үнемі қозғалыста, үнемі алғы шепте. Оларсыз жол салу, ғимарат тұрғызу немесе егіс алқаптарын игеру мүмкін емес.

Бүгінде арнайы техника жүргізушілеріне деген сұраныс артып келеді. Жақсы жалақы, тұрақты жұмыс және кәсіби өсу мүмкіндіктері – осы мамандықтың артықшылықтары.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеген еді.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деді Президент.

x

Check Also

Құрмет еңбекпен келеді

Есімов Мекенбай Сүйінбекұлы — өз ісіне адал, табанды еңбегімен танылған құрылысшы. Ол бірнеше жылдан бері Шымкент қаласындағы «КДСМ» ЖШС құрылыс ...

Бейбітшілік пен бірлік – ел тұрақтылығының негізі

Әрбір елдің дамуы мен гүлденуінің негізі – ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісім. Қазақстан үшін бұл ұғымдар – жай ғана құндылық ...