«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар шараны жүзеге асыру көзделген.
Әлеуметтік осал топтарды МӘМС-пен қамтуды кеңейту: Халықты барынша жүйеге тарту мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдардың төлеу тетігі енгізіледі. Бұл норманы жүзеге асыру 2026 жылға қарай қосымша 1 млн-нан астам адамды МӘМС жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді.
Әділ жарна жүйесін енгізу: Әлеуметтік әділеттілік қағидатын сақтау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударым жасалатын кірістің жоғарғы шегі алынып тасталады. Бұл тәсіл азаматтардың жүйеге үлесін олардың табысына сай етіп, сала бюджетіне жыл сайын қосымша 200 млрд теңгеге дейін қаржы әкеледі.
Мемлекеттік қаржыландыруды арттыру: Жеңілдікті санаттағы 11 млн азамат үшін мемлекет жарнасының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Бұл шара 2030 жылға қарай қаржыландыру көлемін 289 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бірыңғай медициналық қызметтер пакетін қалыптастыру: 2027 жылдан бастап мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) мен МӘМС пакеті арасындағы нақты айырмашылықты белгілейтін бірыңғай пакет енгізіледі. Осылайша әрбір азамат мемлекет кепілдік беретін қызметтерді және сақтандыру есебінен көрсетілетін қызметтерді нақты біле алады.
Мысалы, «Денсаулық бұрышы» акциясы аясында Шымкенттің емханалардың бейінді мамандары сауда орталықтарында тұрғындарды қабылдап, медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетті.
Акция барысында педиатр, неврапотолог, офтальмолог, эндокринолог сынды бейінді мамандар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер тұрғындарға тегін кеңесін айтып, алдағы уақытта ем-шара қабылдауларына бағыт-бағдар берген.
Қала тұрғыны Нәсиба Отаралиева 6 жылдан бері қант диабетіне шалдыққанын айтты. Инсулин қабылдайды екен. Ол жалпы тәжірибелік терапевт дәрігерге, сосын эндокринологқа көрініп, дәрігерлік кеңес алды.
— Осындай акциялар мен сияқты денсаулығын қалпына келтіре алмай жүрген қала тұрғындарына ауадай қажет. Ұзын-сонар кезек күтпейсің. Барлығы да білікті мамандар. Бастан-аяқ тексеріп, қажетті ем-домды жазып, ақыл-кеңесін айтып жатыр. Мұндай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса, — дейді ол.
Шара барысында Қор филиалының мамандары МӘМС жүйесі туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
