«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» профилакткиалық іс-шарасы өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» профилакткиалық іс-шарасы өтті

Шымкент қаласы аумағында жалпы республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Кезекті рейд барысында қалалық Полиция департаменті, бес аудан бойынша жергілікті полиция қызметінің өкілдері, ерікті жастар мейрамханалар, ойынхана, саябақтар мен көшелерге бақылау жүргізді.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім, денсаулық сақтау басқармалары, жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және профилактикасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар тарапынан кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқықбұзушылықтардың жолын кесу, құқықтық сауаттылықты арттыру.

Іс-шарада тәртіп бұзған немесе заң талаптарын елемеген ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылданды.Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықовтың айтуынша, шаһарда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар мен оларға қатысты қылмыстардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар күшейтілуде.

Еліміздің заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде және компьютерлік клубтарда, ал 23:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің ілесуінсіз көшеде жүруге тыйым салынған.Рейд барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, олардың кешкі уақытта көшеде жүру себептерін анықтады. Іс-шараның бір күндік нәтижесі бойынша ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 12 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 10 жасөспірім және кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттеріне немқұрайды қарайтын 4 отбасы анықталып, Ішкі істер органының есебіне қойылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласы бойынша 154 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Түнгі сағат 22:00-ден кейін заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болған 16 жасөспірім және түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 138 жасөспірім анықталды. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

«Шымкент келбеті»

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...