Венгрияда Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды

28 маусымда Венгрияның Карцаг қаласында дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, қала тарихы, мәдениеті және табиғи көрікті жерлері туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлі мәдениеті дәріптелді.

Аталған шара Шымкент қаласы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

Айта кетейік, 2025 жылғы 27 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент пен Будапешт қалалары арасында тікелей әуе қатынасын жолға қойды. Бұл бағыт екі қала арасындағы туристік және іскерлік байланыстардың дамуына тың серпін беріп, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...