Ұлттық домбыра күні – мәдениеттің мәңгілік коды

Шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Бұл күн – тек бір аспапты дәріптеу ғана емес, ұлттың рухани жадын, тарихи тамырын, көркемдік танымын жаңғыртатын маңызды дата.

Домбыра – жай аспап емес, ұлттың үні. Ол – Дала философиясы, жыраулардың жадындағы шежіре, көкірекпен жазылған күй, тектіліктің темірқазығы. Ғасырлар бойы домбыра қазақпен бірге жасап, елмен бірге еңселеніп келеді. Оның күмбірі – бабалардың аманаты.Қазақ баласы домбыраның үнімен бой түзеп, күй тыңдап ой түзеді. Ол – саз арқылы мінезді тәрбиелеудің, сұлулықты сіңірудің құралы. Әр үйде домбыраның ілулі тұруы – бұл дәстүр мен ділдің жалғасуы.

Ұлттық брендке айналған домбыра – халықаралық деңгейде танылып келеді.

UNESCO тізіміне енгізілген күйлеріміз, шетел сахналарында ойналып жатқан туындылар – қазақ руханиятының жаһандық ауқымда мойындалуының нышаны. Ұлттық домбыра күні – ұлт болмысын сезіну, тамырын тану, жүрекпен есту күні. Осы мерекеде әр қазақ кем дегенде бір күй тыңдап, домбыра үніне құлақ түрсе – тарихпен тілдескені. Домбыра – біздің үнсіз сөйлейтін тіліміз, өшпес рухымыз, бабадан қалған аманат.

Facebook: Айдар Сейдазым

x

Check Also

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия отырысы өткізіліп, өңірдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер ...

В Келесе прошла осенняя акция по посадке деревьев «Посади бесплатный саженец»

В центре Келесского района в селе Абай прошла осенняя акция «Посади бесплатный саженец». В акции приняли участие сотрудники районного акимата, ...