Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр Олжас Бектенов журналистердің әлеуметтік саладағы шығындарға қатысты сұрағына жауап берді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы сілтеме жасап.

Республикалық бюджеттің 50%-дан астамы жыл сайын әлеуметтік саланы қаржыландыруға бағытталады. Қаражат зейнетақыға, бюджет қызметкерлерінің жалақысына, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақыларға, сондай-ақ мектеп, аурухана салуға және инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады. Бұл бағытта Үкімет кешенді, жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар қазіргі уақытта бөлінетін ресурстарды пайдалану тиімділігіне бақылау күшейтілді. Бірқатар параметр мен тәсілдерді қайта бағалау жүргізіледі.

Премьер-министр жүргізілген талдау шеңберінде әлеуметтік әділеттілік қағидатына қайшы келетін қолдау шараларын теріс пайдалану фактілері анықталғанын атап өтті.

«Біз қазір еліміздің барлық халқын алты санатқа бөлген жолмен жүріп жатырмыз. Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді, деректер цифрланған, барлығы әл-ауқат деңгейі бойынша бөлінеді. Алтыншы санат – табыс деңгейі жеткілікті жоғары отбасылар мен адамдар. Алтыншы санатты біз әлеуметтік көмек алушылар қатарынан алып тастаймыз, өзін қамтамасыз ете алмайтындарға, жұмыс істей алмайтындарға көбірек көңіл бөлеміз. Мысалы, балалармен айналысатындықтан көп балалы аналар, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыс істей алмайды. Біз оларға көп көңіл бөлетін боламыз. Өкінішке орай, бізде әлеуметтік тәуелділік пен әлеуметтік алаяқтық фактілері бар. Біз қазір әр істі жеке-жеке шешіп, барлық басқа схемалардың жолын кесеміз. Әлеуметтік көмек өзін қамтамасыз ете алмайтын адамдарға көрсетілуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

x

Check Also

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...