Түркістан: Тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайды

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Азаматтардың өтініштерін тыңдап, сала басшыларымен бірге өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға Түркістан, Кентау қалалары мен Жетісай, Түлкібас аудандарының тұрғындары келді. Азаматтардың басым бөлігі жер, ауыл шаруашылығына қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, түркістандық азамат Морокко шегірткесімен күресу бойынша өз тәсілін ұсынды. Айта кетейік, биыл облыста аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 712 мың гектарға жүргізілді. Қазіргі таңда өңдеу жұмыстары толық аяқталып, фитосанитариялық ахуал толық бақылауға алынды.

Түркістан қаласының тұрғыны Б.Елекеев көшесінен автотұрақ үшін жер беруді сұрады. Өтініш иесіне қаланың Бас жоспарына сәйкес аталған көшеде автотұрақ үшін жер қарастырылмағаны айтылып, кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер аукцион арқылы берілетіні түсіндірілді.

Одан бөлек, ауыл шаруашылығы субсидиясы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мақсатында жер алу, салық төлеу, алаяқтық мәселелері ортаға салынды. Облыс әкімінің орынбасары жер дауы сот арқылы шешілетінін түсіндіріп, әкімдік құзіретіндегі мәселелер заң аясында зерделенетінін айтты.

Айта кетейік, жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...