Түркістан: Түлкібастық шаруа мал азығының жаңа түрін өсіруді қолға алды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістан: Түлкібастық шаруа мал азығының жаңа түрін өсіруді қолға алды

Түлкібас ауданының «Борсық сай» шаруа қожалығы тары тұқымдас сорго өсімдігінің жаңа сортын сынақ түрінде мамыр айының басында егіп, алғашқы өнімді алғалы отыр.

Бүгін аталған шаруа қожалыққа аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы барып, егін алқабының басында болды.

Қожалық төрағасы Мылтықбаев Данияр сүтті сиырға таптырмас азық түрінің тұқымын шетелден арнайы алдырып, 3 гектар жеріне отырғызған.

Аудан басшысы кәсіпкердің ісіне оң бағасын беріп, алғашқы өнімін аудандағы сүт өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге үлестіруді, тұтынушылардың көңілінен шыққан жағдайда өнімді молайтуды ұсынды.

Бұнымен тоқтап қалмай, алдағы жылы кәсіпкер тағыда аталған өсімдік түрін 15 гектер жеріне егуді жоспарлап, оған тамшылатып суғару әдісін енгізуді көздеп отыр.

Сорго – суды көп қажет етпейтін, мал азығымен қатар тамақ өнеркәсібінде де кеңінен пайдалануға болатын өсімдік түрі. Дұрыс қараған жағдайда бұл өсімдік жылына 4 рет оруға болады, биіктігі 6 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...