Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Бүгін Түркістан қаласында инфрақұрылымдық және коммуналдық қызмет сапасын арттыру мақсатында жаңа арнайы техникаларды табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында қалаға жеткізілген 21 жаңа техника коммуналдық мекемелерге тапсырылуға дайын. Бұл техникалар – 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде алынған 29 бірлік техниканың алғашқы бөлігі. Қалған 8 техника (оның ішінде газель, манипулятор, автовышка, КамАЗ, 3/1 трактор) жинақталып жатыр.

Тапсыруға дайын техникалар тізімі:
· Қоқыс тазалайтын автокөлік – 7 дана
· Қар тазалайтын автокөлік – 5 дана
· Аяқ жол сыпыратын трактор – 4 дана
· Вакуумдық автокөлік – 2 дана
· Сарқынды су желісін тазалайтын көлік – 1 дана
· Погрузчик – 1 дана
· Грэйдер – 1 дана

Қазіргі таңда Түркістан қаласының аумағында Инфрақұрылым және коммуникациялар бөліміне қарасты мекемелерде 35 техника жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жалдамалы. Жаңа техникалар берілген жағдайда коммуналдық қызмет жұмысы едәуір жеңілдеп, қар күреу, көшелерді суғару, жуу, сыпыру, сондай-ақ сарқынды суды тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, жалдамалы техникаларға жұмсалатын шығындарды қысқартуға мүмкіндік туады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...