Түркістан облысының әкімі инвесторлармен металлургия зауытын ашу бойынша келіссөз жүргізді

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Resource Іnvest» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде әріптестік орнату, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Мақсатымыз – өндіріс орындарын көбейтіп, халықты жұмыспен қамту. Ұсыныстарыңыз зерделеніп, тиісті шешім қабылданады, – деді Нұралхан Көшеров.

«Resource Іnvest» компаниясының өкілдері Евгений Клюев пен Яшар Латыев, сонымен бірге, осы компанияда қызмет ететін италиялық кәсіпкер Вессио Раффаэле металл кластерін дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Жобаны Түлкібас ауданында жүзеге асыру көзделген. Металлургия зауытын ашу жобасын 2024-2032 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған. Жылына 403,2 тыс. тонна өнім шығару межеленген кәсіпорында 400 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.

Облыс әкімі жоба нақтыланған соң Жол картасын әзірлеу керек екенін айтты. Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...