Түркістан облысы тұрғындарының 83 пайыздан астамы МӘМС жүйесімен қамтылған

Елімізде 2027 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу басталады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.

«Бұл модельдің ерекшелігі – қызметтердің басым бөлігі азаматтар, жұмыс берушілер және мемлекеттің жарналары мен аударымдары есебінен қаржыландырылатын болады: 65% – МӘМС жүйесі арқылы, 35% – республикалық бюджет есебінен. Мақсат – халықтың 90%-ын МӘМС жүйесімен қамту және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Келер жылдан Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі. Қазіргі таңда облыстағы тұрғындардың 83,1%-ы МӘМС жүйесімен қамтылған. Сақтандырылған мәртебе 6 ай бойы сақталады. Енді МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл тұрақты жарна төлеген азаматтар төлемді уақытша тоқтатқан күннің өзінде 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап қалады»-деді сала басшысы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Құрылысшы – болашақтың іргетасын қалаушы

Қалалар аспанмен таласқан зәулім ғимараттарымен, сәулеті келіскен көпірлерімен, жайлы үйлерімен көркейіп жатса – ол құрылысшы еңбегінің жемісі. Құрылысшы – тек ...

Год рабочих профессий: в два раза увеличилось число предприятий, сотрудничающих с колледжами по дуальному формату

В Щучинске стартовал Республиканский слет студентов организаций технического и профессионального образования. Более 100 активных и перспективных ребят со всех регионов ...