Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.
Мемлекет басшысы туризмді дамыту жөнінде кеңесте ең алдымен, туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал етіп отырған әрі инвесторлар үшін тартымды сала екенін атап өтті.
– Бүгінде әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асты. Яғни, пандемияға дейінгі деңгейге қайта келді деуге болады. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тиесілі. Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инвестицияның 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады, – деген еді.
Шымкентті гастрономиялық туризмнің астанасы деп атауға толық негіз бар. Бұл қала өзінің бай әрі әртүрлі тағамдарымен ғана емес, сонымен қатар, ауылдық және қалалық мәдениеттердің синтезімен ерекшеленеді. Әрбір тағамның артында терең тарих, дәстүр және жаңашылдық тұр. Қаладағы көшедегі асханалар мен дәмханаларда кез келген адамның талғамына сай нәрсе табуға болады. Шымкенттің ұлттық тағамдары, оның ішінде кебабтар, бешбармақ, манты, шұжықтар мен палау – қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше орны бар.
Гастрономиялық туризм дегенде, бір жағынан ас мәзірі ғана емес, оның дайындалу процесі де үлкен қызығушылық тудырады. Мысалы, Шымкенттегі арнайы көрмелер мен фестивальдер гастрономия саласындағы жаңа әдістер мен технологияларды ұсынумен қатар, дәстүрлі тағамдарды жаңаша түрде жасауға мүмкіндік береді. Инновация мен шығармашылық мәдениетінің осылайша бірлесуі әрбір гастрономиялық шараның ерекшелігін арттырады.
Шымкенттің асханасын зерттей отырып, тек өткенді емес, сол арқылы қазіргі заманғы ұтымды тәсілдер мен трендтерді де тануға болады. Яғни, бұл қала тек тамақтану ғана емес, қоғамдық және мәдени сабақтастықты сезіну мен өзара байланыс орнатуға арналған үлкен алаң болып табылады.
Ал, статистикаға келер болсақ, 2025 жылдың қаңтар–наурыз айлары аралығындағы кезеңде Шымкент қаласына келген туристер саны 100 088 адамды құрады. Оның ішінде ішкі туристер – 94 428 адам, ал шетелдік туристер саны – 5 660 адамды құрады. Бұл көрсеткіштер қаланың туристік инфрақұрылымы мен қызмет көрсету сапасына деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында біржолғы сыйымдылығы 7 938 төсек-орыннан асатын 149 қонақ үй тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Туристік инвестициялар және инфрақұрылымды дамыту 2024–2025 жылдар аралығында Шымкент қаласында жалпы құны 14,5 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
2024 жылы олардың ішінде 7 жоба пайдалануға берілді, атап айтқанда:
Kazakh Hotel,
Aurum Hotel,
Diamond Hotel,
Siluet Plaza,
Makhambet,
Mir Hotel,
Cannes Hotel.
2025 жылдың сәуір айында тағы бір жаңа қонақ үй – Mardan ашылды. Жыл соңына дейін 3 қонақ үй (Altai, Zeinnur-Tau, Keremet) пайдалануға беріледі деп күтілуде.Аталған жобалар аясында 240 тұрақты жұмыс орны құрылып, қызмет көрсету саласына жаңа серпін берілді.Ірі халықаралық жоба. 2025 жылы қалада халықаралық деңгейдегі Hilton қонақ үйінің құрылысы басталды. Жоба құны – 35 млн АҚШ доллары, ал пайдалануға беру мерзімі – 2026 жыл. Қонақ үй іске қосылғаннан кейін 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Экологиялық туризм: «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы Бадам су қоймасы аумағында «Omir Shymkent» глэмпинг жобасы қолға алынды. Жобаның негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына табиғат аясында жайлы және заманауи демалыс ұйымдастыру, ішкі туризмді дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің туристік тартымдылығын арттыру.
Тарихи-мәдени туризм және сервистік инфрақұрылым 2025 жылы қаладағы 3 сакралды нысанға (Ибрагим Ата, Қарашаш Ана, Әбділ Әзіз Баб) турникеттер орнатылды, бұл нысандарға келушілер ағынын сандық негізде тіркеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 7 туристік нысанға (Ибрагим Ата, Қарашаш Ана, Мірәлі Баба, Әбділ Әзіз Баб, Хызыр Мұнарасы, Дендросаябақ, Цитадель) электронды төлқұжаттар орнатылып, туристерге тарихи-мәдени ақпаратқа қолжетімділік арттырылды.
Қаладағы сервис сапасын жақсарту мақсатында «4 – SMART» үлгісіндегі санитариялық-гигиеналық тораптар іске қосылды. Жаңа нысандар келесі орындарда орналасқан:
«Спутник» гүлзары,
«Тәуке хан» даңғылы,
Иляев көшесі,
«Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы.
Мұнан бөлек биыл Этноауыл аумағын абаттандыру және қайта құру, 24/7 режимінде жұмыс істейтін Гастрономиялық аллея ашу және Бадам су қоймасы аумағында туристерге қолайлы жағдай жасау жоспарланып отыр.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер Шымкент қаласында туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын, сондай-ақ инвестициялық тартымдылықтың артқанын көрсетеді. Қала әкімдігі туристік әлеуетті арттыру, сервис сапасын жақсарту және ішкі туризмді дамыту бағытында жоспарлы әрі жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
