Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылданып жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылданып жатыр

25 маусымнан бастап Қазақстанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды. 2025–2026 жаңа оқу жылында грант негізінде 150 мың талапкерді қабылдау жоспарланып отыр,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранттар) геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және тағы да басқа техникалық мамандықтар бойынша артты.

Құжаттарды электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы немесе колледжге барып тапсыруға болады. Талапкерлерге 4 мамандық пен 4 колледжді таңдап, бір уақытта құжат тапсыру мүмкіндігі берілген.

Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына түсу үшін байқау міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа баллы негізінде өткізіледі.

Жұмысшы біліктілігін алғысы келетін түлектер колледжге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, ал медициналық мамандықтар бойынша бейіндік емтихандар өткізіледі.

Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11-сынып) құжат қабылдау 25 маусым мен 22 тамыз аралығында өтеді. Шығармашылық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан 20 шілдеге дейін. Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан осы жылдың 10 тамызына дейін.

Сондай-ақ колледжге қабылдау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота көзделген. Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық порталында танысуға болады.

x

Check Also

Казахстан опередил США по площади восстановления внутренних водоёмов

Казахстан вошёл в десятку стран с наибольшей площадью восстановления пресноводных водоёмов. В рейтинге, который опубликовал проект GEOSTATISTICA, республика заняла шестую ...

Казахстанская AgriTech-компания выводит спутниковую технологию мониторинга животных на международные рынки

ТОО «iGps Tech» разработала спутниковую систему мониторинга сельскохозяйственных животных, которая работает даже в районах без покрытия сотовой связи. Отечественная технология ...