Тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету: 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады — Xnews — ақпарат агенттігі

Тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету: 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады

Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасауда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталатын болады.
 
«Негізгі басымдық – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді, кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сондай-ақ, кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту жоспарлануда», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
 
Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді және өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтеді.
Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысында солтүстік өңірлерге оқуға шақыру туры өтіп жатыр

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде 31 наурыз-23 сәуір аралағында «SERPIN WAY 2.0» жобасын таныстыру мақсатында арнайы тур өтіп жатыр. Петропавл қаласынан басталған ...

Түркістанда 2500 үміткер қатысқан «Al-Farabi» республикалық интеллектуалды ойынының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды

Түркістан облысында республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Білімділер додасы Түркістан облысы қоғамдық даму ...