«Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне арналған кең көлемді мерекелік кеш өтті

2025 жылғы 7 шілдеде Шымкент қаласындағы «Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне орай кең көлемді мерекелік кеш ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын ұлықтау, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау болды.

Кеш барысында көрермендерге қазақтың төл мұрасы — күй мен ән өнерінің жауһар үлгілері ұсынылды. Домбыраның қоңыр үнімен әуелеген дәстүрлі күйлер мен аймақтық ән мектебі өкілдерінің орындауындағы әуендер көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.

Іс-шара аясында Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен өнерпаздар Батыс, Арқа, Сыр, Қаратау, Жетісу, Алтай-Тарбағатай ән-күй мектептерінің туындыларын, сондай-ақ қазіргі заманғы дәстүрлі бағыттағы шығармаларды орындады.

Мереке «Шымқала кештері» жобасы аясында өтті. Екі күнге жалғасқан мәдени іс-шаралар легі аясында «Жеребенің жүйрігі» атты ақындар айтысы мен Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ұлттық рух сыйлады.

Еске салсақ, Ұлттық домбыра күні — 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді.

Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алайда 2010 жылы отандық БАҚ тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан басталатын «ата домбыра» табылғанын айтып сүйінші сұраған еді.

1500 жыл бұрын қолданыста болған көне аспап Алтай тауының Моңғолия жағындағы Үңгіртас деген үңгірден табылған. Әуелі малшының қолына түскен аспап археологтардың қызығушылығын оятып, 2008 жылы мемлекет қамқорлығына алынады. Бұл ғылыми жаңалыққа қазақ ғалымдарының арасынан танымал түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы назар аударып, аспаптың домбыраның арғы «атасы» екенін дәлелдеп шығады. Осылайша шертпе аспаптардың тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан бастау алатыны белгілі болды.

Бірнеше айларға созылған келіссөздерден кейін ғана Моңғолия тарапы домбыраның көшірмесін алуға рұқсат беріп, кейін сол көшірме негізінде жасалған көне домбыраның нұсқасы музейге қойылды.

Атаулы күнге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «X» парақшасында құттықтау жариялаған еді.

x

Check Also

«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Шымкент қаласына келді

2025 жылғы 20 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда өткен экспедиция аясында делегация Шымкент қаласына арнайы ат басын бұрып, қаланың ...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с предстоящим Национальным днем домбры

Президент страны отметил, что домбра – душа и достояние нашего народа. – Домбра – душа и достояние нашего народа. «Настоящий ...