Шымкент қаласының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» қағидасы аясында ZOOM платформасы арқылы ауқымды «Прокурорлық сағат» онлайн іс-шарасын ұйымдастырды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлық сағат 76 мыңнан астам оқушы мен студенттерді біріктірді.
Сонымен қатар, кездесуге қала әкімінің орынбасары, полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының мамандары және әлем чемпионы атанған спортшы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткіге қарсы күрес, жазғы демалыстардың қарсаңында демалысты қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру, жастарды еңбекке және волонтерлікке тарту мәселелері талқыланды.
Көптеген тқрғындарымыз телефон алаяқтарының шабуылына ұшырады. Қазіргі әлемде киберқылмыс үлкен қауіпке айналды десек қателеспейміз. Соңғы жылдары мұндай қылмыстардың саны артып келеді. Алаяқтардың әдістері дамып келеді, бірақ негізгі тұжырымдама өзгеріссіз қалады: қызығушылық, алаңдаушылық және оңай ақшаға ұмтылу сияқты адамның эмоцияларымен ойнау. Жасанды интеллект пен мақсатты жарнаманы қолданатын алаяқтық жиі кездеседі. Олардың көпшілігі қаражаттарын қайтаруға тырысып, басқа алаяқтардың көмегіне жүгініп, ақырында үлкен сомадан айырылды.
Мемлекет басшысы атап өткендей: «Қазақстанның болашағы – саналы және мақсатты ұрпақтың қолында». Осы орайда қатысушылар тәрбиелі, адал, білімді, заңды құрметтейтін және қоғамдық құндылықтарды насихаттай алатын елдің лайықты азаматтары болуға шақырылды.
Спикерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық түсіндіру жұмыстары мен өткізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.
Xnews — ақпарат агенттігі Әлем және Қазақстанның соңғы жаңалықтары
